Қытайда дауыл салдарынан әуе рейстері тоқтатылды

Қытайдағы жойқын тайфун салдарынан 2 800 рейс тоқтатылды. Жергілікті Синьхуа ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Шанхайдағы Пудун және Хунцяо халықаралық әуежайынан 653 рейс ұшпайтын болды.

Сондай-ақ Ханчжоу, Чанчжоу, Цзянсу  провинциясындағы 45 әуежайда дауылға байланысты ескерту жарияланды. Әуе рейстерімен қатар, теміржол қозғалысы да тоқтатылды. Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, осы аптада кей аудандарда қатты сел жүруі мүмкін. Кеше зардап шеккен өңірлерден 2 миллионнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.