Израиль Газа секторын атқылады

Израиль армиясы Газа секторын атқылады. Соққы ХАМАС ұйымының нысандарына жасалған.

Израиль ұйымды әскери әлеуетін қайта қалпына келтіруге әрекеттенді деп айыптап отыр. Тель-Авивтің мәліметі бойынша ол орындарда қару-жарақ өндіріліп, әскери қызметкерлер мен бейбіт тұрғындарға қарсы шабуыл жоспары әзірленген. ЦАХАЛ операция барысында әуе барлауын пайдаланғанын мәлімдеді.