Ормуздағы шабуылдан Араб Әмірліктерінің танкерінде бір адам қаза тапты

Иран өз кезегінде Ормуз бұғазында Біріккен Араб Әмірліктеріне тиесілі екі мұнай танкеріне соққы жасады.

Соның салдарынан бір экипаж мүшесі қаза тауып, тағы сегіз адам ауыр жарақат алды. Бұл жөнінде Бірікен Араб Әмірліктерінің Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Шабуылдың жасалғанын Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы да растады. Олар кемелердің Ормуз бұғазындағы ережелерді бұзғанын алға тартады. Дәлірек айтқанда, бағыт бойымен сәйкестендіру жүйелерін өшіріп қозғалған. Шабуылдар Оман жағалауы маңында болды. БАӘ билігі бұл әрекетті халықаралық құқыққа қайшы деп айыптады.