Пентагон шығынға ұшырауы мүмкін
Пентагон қорғаныс корпорацияларына өтемақы ретінде 10 млрд доллар қарыз болып қалуы мүмкін. Осы себепті Конгресс оқ-дәрі сатып алуға қаражат бөлуге тиіс, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады. Трамп әкімшілігі ақша Таяу Шығыста жұмсалған снарядтардың орнын толтыру үшін қажет дейді. Ақ үй бұл қаржыны 11 желтоқсанда күшіне енетін уақытша бюджет туралы заң жобасына енгізуге ниетті. Бұлай болмаған жағдайда оқ-дәрі тапшылығы пайда болады. Сосын Пентагон да үлкен қиындыққа ұшырайды. Тіпті айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Мұндай жағдай 5 жыл бұрын болған да еді. Онда Қорғаныс министрлігі әскерді құрылымдау бағдарламасын аяқтай алмай, мердігерлерге 1 млрд доллар өтемақы төлеген.