Бангкокта өрттен 30 адам көз жұмды

Бангкоктағы шарапханада өрттен көз жұмғандар саны 30 адамға жетті. Тағы 70-тен астам тұрғын ауруханаға жатқызылған. Тергеу әлі жүріп жатыр. 

Полицияның алдын ала ақпаратына сәйкес, от үйдің төбесіне орнатылған ауа баптағыштағы қысқа тұйықталудан шығуы мүмкін. Ал құрбандар санының көп болуына қосымша есіктің дұрыс пайдаланылмауы себеп болған. Тағы бір есік жиһазбен жабық тұрған. Бұл өрт Таиланд астанасында кейінгі 17 жылда болған ең қайғылы оқиға болып тіркелді.