Volkswagen концерні жаппай қысқарту жүргізіп жатыр

Немістің Фольксваген ((Volkswagen)) автоконцерні тағы 50 мың қызметкерін қысқартпақ.

Компания басшысы Оливер Блюм мұны АҚШ кедендік баждарының артуы, Қытайдағы бәсекенің күшеюі және Германиядағы өндіріс тиімділігін арттыру қажеттілігімен байланыстырып отыр. Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша автоконцернге қарасты компаниялардың таза пайдасы 28 пайыз төмендеген. Ал Порше ((Porsche)) мен Ауди ((Audi)) компанияларын қоса есептегенде 100 мың қызметкерге дейін қысқаруы мүмкін.