Францияда орман өрті өршіп барады
Париж маңындағы Фонтенбло орманында ірі өрт шықты. Қызыл жалын 2 мың гектар аумақты шарпыды. Оны сөндіруге төрт өрт сөндіру ұшағы, екі тікұшақ және 800-ден астам құтқарушы жұмылдырылды.
Жақын маңдағы елді мекендерден шамамен 900 тұрғын эвакуацияланды. Билік қасақана өрт қойды деген күдікпен екі адамды ұстады. Биыл Францияда аптап ыстықтың үшінші толқыны тіркеліп отыр. Соның салдарынан жыл басынан бері 32 мың гектардан астам жерді өрт шарпыған.