No comment: Қытайда Байси фестивалі өтті

Қытайдың Датун қаласында Байси өнер фестивалі өтті. Дәстүрлі мереке көне қаланың тарихи көшелерінде ұйымдастырылды.

Фестивальде акробаттар өнер көрсетіп, мифологиялық кейіпкерлер бейнесіндегі әртістер шеру өткізді. Сондай-ақ көрермендер дәстүрлі арыстан биін тамашалап, қолөнер жәрмеңкесін аралады.