Қытай 2030 жылға қарай 6G желісін іске қосады

Қытай 2030 жылға қарай 6G байланыс желісін іске қосады. Мемлекеттік деңгейде оптикалық желілер мен спутниктік интернетті дамытуға басымдық берілмек, деп хабарлайды 24KZ.

Жаңа жүйе жерүсті инфрақұрылымын, ғарыш аппараттарын және бұлтты платформаларды біріктіреді. Бұл деректерді жаһандық деңгейде тасымалдау мен сақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жасанды интеллект жүйелерінің жұмысын қамтамасыз етеді. Айта кетейік, 6G технологиясының жылдамдығы 5G-мен салыстырғанда 10 есе жоғары. Ал байланыстағы кідіріс 10 есе төмен болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз: