Конгода Эбола індетінен 719 адам көз жұмды

Конго Демократиялық Республикасында Эболадан көз жұмғандар саны 719-ға жетті.

Ал жұқтырғандар қатары 2 мыңға таяп қалған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы нақты көрсеткіш ресми мәліметтен жоғары болуы мүмкін деп топшылайды. Қазір індетпен күрестегі басты мәселе – қаржы жетіспеушілігі. Бұған дейін қажетті ақшаның тек 40 пайызы ғана бөлінген. Басында вирустың таралуын тежеу үшін 115 миллион доллар керек деп хабарланған еді. Сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы эбола көршілес елдерге де жайыла бастағанын айтады.