АҚШ Ормуздан өтетін жүкке алым енгізбейді

АҚШ Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден алым алмайды. Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп мәлімдеді.

Бұған дейін ол теңіз дәлізі арқылы тасымалданатын барлық жүкке 20 пайыз алым енгізуді ұсынған еді. Кейін бұл жоспардың орнына Парсы шығанағы елдерімен сауда және инвестициялық келісімдер жасауға басымдық беруді жөн көрді. Енді Ақ үй басшысы Ормуз бұғазы халықаралық кеме қатынасы үшін еркін болатынын, тек Иран жүктерін тиеген кемелерге қатысты шектеулер енгізілетінін мәлімдеді.