Сенат демократтары Ақ үйдің қорғаныс саясаты туралы заң жобасын қабылдамады

Сенат демократтары құны 1 трлн доллардан асатын Ақ үйдің жыл сайынғы қорғаныс саясаты туралы заң жобасын қабылдамады.

Әдетте бұл құжат екі партияның да кең қолдауына ие болатын. Алайда биыл қорғаныс шығындарының ұлғаюы келіспеушілік тудырды. Демократтар Дональд Трампты Иранмен арадағы қақтығысты Конгрестің рұқсатынсыз, нақты стратегиясыз бастады деп айыптап отыр. Сондай-ақ Ақ үй әкімшілігінің әскери шығындарды 1,5 трлн долларға дейін ұлғайту жоспарына түбегейлі қарсы. Өйткені елде америкалықтарға арналған әлеуметтік бағдарламалар қысқартылып жатыр.