Чилиде төтенше жағдай жарияланды

Чилиде нөсер жауын қаупіне байланысты он өңірде төтенше жағдай режимі енгізілді. 

Синоптиктер апта бойы жауын толастамайды деп болжап отыр. Кей өңірлерде 180 миллиметрге дейін жауын-шашын түсуі мүмкін. Сондықтан Төтенше жағдай қызметі мен тау-кен өндіру компаниялары су тасқыны мен лай көшкінінің алдын алу мақсатында дағдарысқа қарсы жоспарларын іске қосты. Ел билігі тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтап, ауызсу қорын дайындауға шақырды.