Израиль Ливаннан әскер шығаруға дайын
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі екі ауданнан әскерін шығаруға дайын.
Бұл туралы Израиль Сыртқы істер министрі Римде басталған келіссөз кезінде мәлімдеді. Кездесу АҚШ-тың арағайындығымен өтіп жатыр. Ливан президенті келіссөз бұған дейін жасалған келісімді нақты іске асыруға мүмкіндік береді деп үміттенетінін жеткізді. Құжатта қақтығысты тоқтату, Израиль әскерін кезең-кезеңімен шығару және оның орнына Ливан күштерін орналастыру қарастырылған. Тараптар енді келісімді іс жүзінде жүзеге асыру жолдарын талқыламақ.