Иран Ормуздан бөлек жолдарды жауып тастауы мүмкін
Иранның Ислам революциясы сақшыларының корпусы Таяу Шығыстағы АҚШ пен оның одақтастарына ыңғайлы барлық экспорт жолдарын жабатынын айтып, қоқан-лоқы көрсетті.
"Рейтер" агенттігіне сұхбат берген сарапшылар "Тегеран бұл ойын іске асыру үшін Йемендегі одақтастары – хуситтер тобын тартуы мүмкін" деп есептейді. Хуситтер Баб-аль-Мандеб бұғазын жауып тастай алады. Бұл су жолы Қызыл теңізді Аден шығанағымен жалғап тұр. Ол арқылы Сауд Арабиясының мұнай танкерлері мен әлемдік теңіз тасымалының үлкен бөлігі өтеді. Қазір Иран Ормуз бұғазын жауып тастаған. АҚШ өз кезегінде Иранның теңіз айлақтарын қоршап, бұғаттап тастады.