Испанияда орман өртінен 13 адам қаза тапты
Испанияның Альмерия провинциясындағы орман өртінен 13 адам опат болды.
Олардың арасында Испания, Ұлыбритания, Бельгия, Франция және АҚШ азаматтары бар. Тағы он адам із-түзсіз жоғалып кетті. Қызыл жалын шамамен 7 мың гектар аумақты шарпыды. Өртті толық сөндіру әзірге мүмкін болмай тұр.