АҚШ Сауд Арабиясына құны $2 млрд қару сатады
АҚШ Сауд Арабиясына құны 2 миллиард доллар болатын қару-жарақ сатады. Бірақ алдымен келісімшартты Конгресс бекітуі қажет.
Мәмілеге сай Вашингтон Эр-Риядқа зымырандарға арналған 20 мың жоғары дәлдікті бағыттау жүйесін жеткізеді. Тағы, Сауд Арабиясы зымыран ұшыру қондырғыларын, оқтұмсықтар мен жаттығу оқ-дәрілерін сатып алады. Сондай-ақ осы қаруларды басқаратын мамандарды даярлау мақсатында корольдікке Американың 30 өкілі жіберілмек. АҚШ бұл арқылы Сауд Арабиясының қорғаныс қабілетін нығайтып, Вашингтонның НАТО-ға кірмейтін негізгі одақтастарының бірі ретіндегі әлеуетін арттыруды көздеп отырғанын айтты.