БҰҰ: Газада 1,4 млн адам көмекке мұқтаж

Газа секторында 1 млн 400 мың адам ұзақ мерзімді көмекке мұқтаж. Бұл турал Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеді. 

Қазір анклавтағы 850 мың адамға уақытша баспана қажет. Ұйым өкілдерінің айтуынша, бұрынғы мектептер мен басқа да ғимараттарды паналаған отбасыларға ауызсу, азық-түлік, медициналық көмек және санитарлық қызмет жетіспейді. Сондықтан ұйым өкілдері аймақты қолдауға қосымша қаржы бөлінбесе, қор таусылып, мыңдаған отбасының жағдайы одан әрі қиындайды деп дабыл қағып отыр.