Газада Израиль әуе шабуылдарынан 16 оқушы қаза тапты
Қараша айының басынан бері Газа секторында Израильдің әуе шабуылдарынан 16 оқушы қаза тапты. Бұл туралы анклавтың Білім министрлігі хабарлады. ЮНИСЕФ дерегіне сәйкес, қазір Газадағы оқу орындарының 98 пайызы бүлінген, басым бөлігіне күрделі жөндеу қажет, деп хабарлайды 24KZ.
Қыс тақаған сайын менингит індетінің таралу қаупі де күшейіп келеді. Өткен айдың өзінде 270-тен астам адам дәрігердің көмегіне жүгінген. Жалпы кейінгі үш жылда Газа секторында кәмелетке толмаған 20 мың бала қаза тапты.