Канададағы өрттен АҚШ-ты түтін тұмшалады
Канададағы орман өртінен тараған қою түтін АҚШ аспанын тұмшалады. Ауа сапасының күрт нашарлауынан Нью-Йоркте тұрғындарға қорғаныш маскалары тегін таратылып жатыр.
Бетпердені қаланың бес ауданындағы кітапханалардан алуға болады. Қазір Мичиган мен Миннесотаны да түтін басты. Сондықтан жергілікті билік тұрғындарды мүмкіндігінше сыртқа шықпауға шақырып жатыр.