Израиль шабуылынан ХАМАС командирі қаза тапты

Израиль армиясы Газа секторында ХАМАС-тың әскери командирі қаза тапқанын мәлімдеді.

ЦАХАЛ таратқан ақпаратқа сәйкес Анас Хамдан топтың ақпараттық қызметіне жауапты болған. Сондай-ақ ол босатылған израильдік тұтқындарды бейнежазбаға түсіруді ұйымдастырған. Израиль әскері оның ұзақ жылдар бойы ХАМАС-тың жоғары лауазымды қолбасшыларының көмекшісі болғанын да хабарлады. Ал қозғалыс өкілдері әзірге бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ.