Ғалымдар өзі киілетін киім жасап шығарды

Оңтүстік Кореяда өздігінен киілетін роботтандырылған киім таныстырылды. Оны Кореяның ғылым және технологиялар институты мен Стэнфорд университетінің зерттеушілері жасады.

Арнайы киім небары 10 секундта киіледі. Мамандар тың технология қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін өте қолайлы құрал болатынын айтады. Сонымен қатар оны жылдам киіп-шешуді қажет ететін қызмет пен өндіріс кәсіпорындарында және ауруханаларда кеңінен қолдануға болады дейді.