Израиль авиациялық бомба шығаруға кіріседі
Израиль алдағы екі жыл ішінде авиациялық бомба шығаруға кіріседі.
Jerusalem Post басылымының жазуынша, бұл елдің АҚШ-тан жеткізілетін қару-жараққа тәуелділігін азайтуға бағытталған. Жоба аясында кәдімгі оқ-дәрілерді жоғары дәлдіктегі қаруға айналдыратын арнайы бағыттау жүйелері шығарылады. Басылым мәліметінше, Израиль қорғаныс өнеркәсібін күшейтуге 2024 жылдан бастап кіріскен. Бұған Рафахтағы әскери операцияға байланысты АҚШ енгізген ішінара эмбарго түрткі болған.