Газада Израиль шабуылынан сегіз адам қаза тапты
Израиль Газа секторының орталығындағы Нусейрат босқындар лагеріндегі қаралы жиынды әуеден бомбалады.
Соның салдарынан сегіз адам қаза тапты. Бұл туралы Палестина дәрігерлері хабарлаған. ХАМАС Израиль әскері Газа халқын жүйелі түрде қыру саясатын аяусыз жалғастырып жатыр деп айыптады. Тель-Авив әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ. Газаның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2025 жылдың қазанында атысты тоқтату туралы бітімге қол қойғаннан бері Израиль шабуылдарынан көз жұмғандар саны 1127 адамға жеткен.