Францияда ірі бұршақ жауып, екі адам көз жұмды

Францияның оңтүстігінде көлемі бөденінің жұмыртқасындай бұршақ жауды.

 "Ассошиэйтед Пресс" ((Associated Press)) агенттігінің хабарлауынша, табиғи апаттан 2 адам көз жұмған. Сонымен қатар 50 мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Ардеш департаментінде ірі бұршақтар жүздеген көлік, тұрғын үйлердің шатырлары мен жүзім алқаптарын зақымдады. Құлаған ағаштар Париж бен Тулуза арасындағы теміржол қатынасына кедергі жасады. Осының кесірінен жүрдек пойыздардың өзі 6 сағатқа кешігіп жеткен.