Францияда шыршаның бағасы қымбаттауы мүмкін

Францияның солтүстігінде жаңадан отырғызылған шырша көшеттерінің көбі өспей қалды.

Шаруалар биылғы аптап ыстық пен құрғақшылықтың кесірі тиді дейді. Ла Горг қаласы билігінің хабарлауынша, көктем мен жазда жиі суарылғанына қарамастан, қолайсыз күн райы жас ағаштардың тамыр жаюына мүмкіндік бермеген. Мәселен, жыл сайын 3 мыңға жуық көшет егетін жергілікті ірі шаруашылық биылғы өнімнен түгел дерлік айырылған. Енді Францияның салалық өндірушілер қауымдастығы таяу арада қылқан жапырақты ағаштардың бағасы 10 пайызға дейін қымбаттайтынын ескертеді. Ал тығырыққа тірелген шаруалар құрғақшылыққа бейімделудің жаңа тәсілін іздеп әлек.

Сондай-ақ оқыңыз: