АҚШ-та орман өртінен ауа сапасы нашарлады
Нью-Йорк пен Вашингтон әлемдегі ауасы лас қалалардың алғашқы үштігіне енді. Бұл туралы IQAir порталы хабарлады.
Мегаполистерді түтін басуына көршілес Канададағы ірі орман өрттері себеп болып отыр. Жергілікті билік тұрғындарды аса қажет болмаса, сыртқа шықпауға шақырады. Айта кетейік, Канадада 200-ге жуық орман өрті ырыққа көнбей тұр. Қызыл жалын екі млн гектардан астам жерді шарпыған. Мыңдаған тұрғын эвакуацияланды.