ДДҰ: Еуропа ыстыққа бейімделе алмай жатыр

Еуропалықтардың аптап ыстық кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұзақмерзімді шаралар қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп хабарлады.

Қазір денсаулық сақтау жүйелері аптап ыстыққа бейімделіп үлгере алмай жатыр. Мәселен, әр елдің төтенше жағдайға қарсы әрекет ету жоспары ерте ескерту жүйесін, халықтың осал топтарын қорғауды, сондай-ақ шұғыл әрекет ету, еңбекті қорғау және коммуналдық қызметтерді үйлестіруді қамтуға тиіс. Сарапшылар күннің қалыптан тыс ысуы экономикаға да зиян екенін айтады. 2030 жылға қарай аптап ыстыққа байланысты жалпы ішкі өнім шығыны Францияда – 240 млрд, Италияда – 147 млрд, ал Германияда 131 млрд долларға жетуі мүмкін.