БАҚ: FIFA 15 млрд доллар табыс тапты

Биыл футболдан Әлем чемпионаты FIFA-ны мол олжаға кенелтті. The Guardian басылымының мәліметтеріне сүйенсек, Халықаралық футбол федерациясы 15 миллиард долларлық кірісті жариялауға дайындалып жатыр.

Рекордтық көрсеткіш ұйымның бастапқы болжамынан 4 миллиардқа артық. Басылымның хабарлауынша, табыстың едәуір бөлігін билеттерді қайта сату қызметі әкелген. FIFA сатып алушы мен сатушылардан 15% комиссия алады. Бүгінгі финалға билеттер турнир тарихындағы ең қымбат бағаға сатылды. VIP-пакеттердің құны 34 мың доллардан асады, бұл шамамен 16 миллион теңге.