Ормузда екі танкер жарылды
Ормуз бұғазының оңтүстік бөлігінде екі мұнай танкері жарылды.
Бұл туралы Ислам революциясы сақшылары корпусы мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, кемелер кеме қатынасы ережесін бұзып, миналанған жабық бағытпен өтпек болған. Танкерлердің қай елге тиесілі екені әзірге беймәлім. Сонымен қатар Иран тарапы АҚШ аймақтағы әскери операцияларын тоқтатпайынша, бұғаз арқылы мұнай, газ және тыңайтқыштарды қауіпсіз тасымалдауға кепілдік берілмейтінін тағы да ескертті. Еске салайық, өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресті Иранға қарсы әскери операцияның қайта басталғаны туралы хабардар еткен болатын. Қазір екі тарап бір-біріне зымыран соққыларын жалғастырып жатыр.