АҚШ Иранға қатысы бар кемелерді ұстады

АҚШ-тың қарулы күштері теңіз блокадасы қайта енгізілгеннен кейін Иранға қатысы бар 6 сауда кемесін ұстады.

Бұл туралы Құрама Штаттардың Таяу Шығыстағы әскерінің Орталық қолбасшылығы мәлімдеді. Қазір олар парсы елінің теңіз айлақтарын бетке алған немесе айлақтардан келе жатқан су көліктерін ұстап жатыр. Мұндай тосқауыл 14 шілдеге дейін күшінде болмақ. Операцияға АҚШ-тың 20-дан астам әскери кемесі мен жүздеген ұшақ тартылды. Сонымен қатар "Нью Йорк Таймс" басылымының хабарлауынша, Вашингтон Германия мен Ұлыбританиядағы базаларынан Таяу Шығысқа қосымша шабуылдаушы ұшақтар аттандырды. Бірақ олардың нақты қайда орналасатыны әзірге белгісіз.