Испанияның жеңісін тойлау кезінде 13 жастағы жасөспірім қаза тапты

Фото: TASS/Zuma

Испанияның Сьюдад-Родриго қаласының 13 жастағы тұрғыны футболдан ұлттық құраманың әлем чемпионатындағы жеңісін тойлау кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды «24KZ».

Europa Press агенттігінің хабарлауынша, Испания ұлттық құрамасының әлем чемпионатындағы жеңісін тойлау кезінде субұрқақтың бір бөлігі опырылып құлап түскен. Салдарынан бір жасөспірім қаза тауып, тағы үш адам жарақат алған. 

Агенттіктің мәліметінше, ұлттық құраманың жеңісіне қуанған жастар қаладағы субұрқақ маңына жиналған. Сол кезде субұрқақтың құрылымының бір бөлігі опырылып, құлаған тас 13 жастағы жасөспірімнің үстіне түскен. Дәрігерлердің оны аман алып қалуға тырысқанымен, жасөспірім оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш жас жарақат алып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. 

Қала әкімшілігі алдағы үш күнді аза тұту күні деп жариялады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз