Араб елдері АҚШ пен Иранды бітімге шақырды
АҚШ-Иран арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен шешудің жалғыз жолы - сындарлы диалогқа қайта оралу. Араб мемлекеттері лигасы осындай мәлімдеме жасады.
Аймақ елдері жағдайды дереу тұрақтандыру үшін нақты шаралар қабылдауға үндеп, қақтығыстың әрі қарай жалғасуы адам өлімі мен ауыр экономикалық зардаптарға әкелетінін ескертті. Сондай-ақ Араб мемлекеттері лигасы Ормуз бұғазы арқылы еркін кеме қатынасын сақтаудың маңызын атап өтті.