Испанияда жыл басынан бері 80 мың жасыл желек өртеніп кетті

Испанияда жыл басынан бері 80 мың жасыл желек күлге айналды. Ормандағы өрт туралы ақпарат жөніндегі Еуропа жүйесінің мәліметі бойынша бұл былтырғы кезеңдегі көрсеткіштен 2 есе жоғары.

Қазір елде бірнеше жер өртеніп жатыр. Әсіресе солтүстік-шығыс және оңтүстік аймақтардағы провинцияларда жағдай өте қиын. Табиғи апат аумағынан 800-ден астам адам қауіпсіз жаққа көшірілді. Тілсіз жаумен күреске жүздеген өрт сөндіруші, төтенше жағдай қызметкері мен авиация тартылған. Билік аптап ыстықтың беті әзір қайтпайды, көп жерді қуаңшылық жайлайды деп ескертті.