Иран шабуылынан 100 АҚШ сарбазы жараланды

Иранның Таяу Шығыстағы АҚШ базаларына кейінгі екі аптадағы шабуылдарынан 100 Америка сарбазы жараланды. 

Бұл туралы Пентагон өкілі Шон Парнелл мәлімдеді. Ал Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, парсы елінің тарапынан 500-ден астам адам жарақат алған. Естеріңізге сала кетейік, Вашингтон 7 шілдеде Иран нысандарына қайта соққы жасауға кірісті. Тегеран да қарап қалмай, Иордания, Кувейт, Бахрейн және осы аймақтағы басқа елдердегі АҚШ-тың әскери базаларын бомбалап, қарымта шабуыл жасаған.