Израиль соққысынан Газада жеті адам қаза тапты

Израиль әскері Газа секторына әуеден соққы берді. Салдарынан жеті адам қаза тауып, тағы бірнеше тұрғын жараланды. 

Құрбандар арасында әйелдер мен балалар бар. Ондаған тұрғын-үй қирап, шатырлы лагерьлерге зақым келген. Өткен жылдың 10 қазанында күшіне енген атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан, әскери операциялар әлі де жалғасуда. 2023 жылдың қазан айынан бері Газада қаза тапқандар саны 73 мыңнан асты.