ХАМАС екі аймаққа жаңа басшылар тағайындады
ХАМАС Палестинадағы маңызды екі аймақ бойынша жаңа басшыларын тағайындады.
Al Hadath телеарнасының хабарлауынша, Газа секторындағы құрылым тізгіні Әли әл-Амудиге тапсырылған. Ол бұған дейін ХАМАС-тың ақпарат бөлімін басқарған еді. А Иордан өзенінің Батыс жағасына жетекшілік ету Захер Джабаринге жүктелді. Осының алдында қозғалыстың саяси бюросының басшысы сайланған. Бұл басшылық орындар 2024 жылдың қазанында ХАМАС көсемінің көзі жойылғаннан кейін бос тұрған болатын.