Иран Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларын бомбалады

Иран Ислам революциясы сақшыларының корпусы АҚШ-тың Кувейт пен Бахрейндегі әскери базаларын бомбалады.

Құрбандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Шабуыл нәтижесінде радиолокация бекеті, әуе шабуылынан қорғанатын "Пэтриот" ((Patriot)) жүйесі, жерсеріктің байланыс жүйесі, сонымен қатар дрондар тұрағы талқандалды. Бұдан бөлек Бахрейндегі американдық Amazon компаниясының мәліметтерді өңдеу инфрақұрылымы да қиратылған. Тегеранның мәлімдеуінше, бұл Иранның оңтүстік-батысында салынып жатқан "Дарховин" атом электр станциясына жасаған АҚШ-тың соққысына қарымта жауап.