Шри-Ланкада денге безгегі өршіді
Шри-Ланкада денге безгегі өршіп тұр.
Жыл басынан бері бұл дертке шалдыққандар саны 76 мыңнан асты. Бұл кейінгі он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Денгені жұқтырған адамның қызуы көтеріліп, басы ауырады, буындары сырқырап, денесі бөртіп кетеді. Науқас көбейгендіктен ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Билік қосымша төсек-орын дайындап, медицина қызметкерлерінің жұмыс уақытын ұзартты. Аурудың таралуын тежеу үшін әскерилер мен полиция жұмылдырылды. Олар маса көбейетін орындарды зарарсыздандырып жатыр.