АҚШ Иранға қайта соққы жасады
Құрама Штаттар Иран аумағына кезекті әуе соққыларын жасады. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы хабарлады.
Бұл – америкалық әскерилердің Ислам мемлекетіне қатарынан он бірінші түн жасаған шабуылы. Рейтер агенттігі операция бір сағаттан астам уақытқа созылғанын жазды. Қарауылға әскери басқару бекеттері, авиациялық ангар, қару-жарақ қоймалары, әскери-теңіз инфрақұрылымы нысандары мен логистикалық орталықтар ілінді. Вашингтон осы әрекеті арқылы Иранның Ормуз бұғазы арқылы өтетін коммерциялық кемелерге шабуыл жасау мүмкіндігін әлсіретуді көздейтінін мәлімдеді. Ал Тегеран кейінгі соққы салдарынан 50 бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы 500-ге жуық адам жараланғанын жеткізді.