АҚШ қорғаныс саласына бір триллион доллар бөлу туралы жоспар мақұлданды

АҚШ-тың Өкілдер палатасы қорғаныс саласына 1 триллион 150 миллиард доллар бөлу туралы президент Дональд Трамп әкімшілігінің жоспарын мақұлдады.

Құжат "2027 жылы ұлттық қорғанысқа рұқсат беру туралы заң" деп аталады. Мұны 216 депутат қолдап, 212-сі қарсы шықты. Республикашылдар "Иранда соғыс жүргізіп жатқан әскери күштерді қолдау, сарбаздардың жалақысын 7 пайызға көтеру, казармалар мен отбасылық тұрғын үйлер салу үшін көп ақшу бөлу өте маңызды" деп мәлімдеген.