АҚШ Иранға жаңадан соққылар жасады
АҚШ Таяу Шығысқа 80-ге жуық қосымша атқыш ұшақ жеткізді.
Бұлар Иордания, Израиль мен Сауд Арабиясындағы әскери базаларға орналастырылған. Құрама Штаттардың Орталық қолбасшылығы Иранның теңіз айлақтарына тосқауыл қою операциясының аясында 9 кемені ұстағанын мәлімдеді. Сонымен қатар Америка әскері Иранға жаңадан соққы жасады. Парсы елінің батыс, оңтүстік пен шығыс аймақтарындағы қалалар бомбаланған. Осының алдында президент Дональд Трамп Ормуз бұғазындағы әр кемеге жасалған шабуыл үшін Ирандағы бір көпір немесе электр станциясын талқандап отырамыз деп мәлімдеген еді. Ал Ислам революциясы сақшылар корпусының ресми өкілі Хосейн Мохеби Ормуздың оңтүстік бағытындағы су жолын миналадық деп хабарлады.