АҚШ Саудияның атом жобасына қатысады
АҚШ пен Сауд Арабиясы бейбіт атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Құжат америкалық компаниялардың Сауд Арабиясындағы атом энергетикасы жобаларына қатысуына мүмкіндік береді. Құжатты екі елдің Энергетика министрлері бекітіп, АҚШ Конгресінің қарауына жіберілген. АҚШ тарапының мәліметінше, жоба ядролық қауіпсіздік талаптарына сай жүзеге асырылады. Келісім 30 жылға жасалуы мүмкін. Құжатта Сауд Арабиясында уран байыту кәсіпорнын салу мүмкіндігі де қарастырылған.