Израиль Ливан жерінен әскерін шығара бастады
Израиль Ливанның оңтүстігінен әскерін шығара бастады.
Бұл туралы Ливан Премьер-министрі Науаф Салам мәлімдеді. Бастама АҚШ-тың арағайындығымен жасалған келісім аясында жүзеге асып жатыр. Ал босаған аумақтарға Ливан күштері орналастырылып жатыр. Онда жолдар тазартылып, инфрақұрылым қалпына келтіріледі. Сондай-ақ аумақты миналардан тазарту жұмыстары қолға алынған. Билік тұрғындардың үйлеріне оралуына жағдай жасап жатқанын айтты.