БАӘ Ормузға тәуелсіз 2 теңіз терминалын салады

Біріккен Араб Әмірліктері елдің шығыс жағалауында Ормуз бұғазына тәуелсіз 2 теңіз терминалын салады.

Құрылыс шамамен 30 айға созылмақ. Жаңа инфрақұрылымды жобалауға АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстан Ормуз бұғазындағы кеме қатынасында пайда болған кедергілер мен шектеулер себеп. Өткелмен жүк тасымалының күрт қысқаруы логистикалық компанияларды басқа жолдар іздеуге мәжбүрледі. Қақтығыс басталғалы Әмірлік автожол бағытын күшейтіп, 700 жүк көлігін сатып алған. Олар қазір күніне 3 мың тасымал жасап жатыр.