Иран америкалық базаларды атқылады

Иран Парсы шығанағы елдеріндегі америкалық базаларды атқылады.

Ислам революциясы сақшылар корпусының мәліметіне сүйенсек, қарауылға Кувейттегі қару-жарақ пен жанармай қоймасы, Иорданиядағы радиолокациялық станция және қосалқы бөлшектер қоймасы ілінген. Бұл Құрама Штаттардың Иран аумағына жасаған шабуылына қарымта жауап. Ал АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың айтуынша, Тегеран Вашингтонмен келісім жасауға дайын емес. Өйткені Ислам мемлекеті атысты тоқтату туралы мәмілені қайта-қайта бұзған. Ал Ақ үй басшысы Дональд Трамп Ормуз бұғазындағы кез келген кемеге шабуыл жасалса, Ирандағы көпірлер мен электр станцияларын күл талқан ететінін қатаң ескертті.