Малайзия босқындарды қабылдауды шектейді

Малайзия билігі БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі агенттіктен елде жаңа мигранттарды тіркеуді уақытша тоқтатуды сұрады. 

Ұсыныс босқын мәртебесін беру саласын басқарудың ұлттық жүйесін енгізуге байланысты жасалып отыр. Үкімет енді шетел азаматтарының биометриялық деректерін жинап, олардың елде болуын бақылауға ниетті. Осылайша, шетелдік ұйымдардың деректеріне тәуелді болмай, көші-қон үдерісін тиімді реттеуді және заңсыз миграцияның алдын алуды көздеп отыр. Жаңа жүйе пилоттық режимде қаңтар айында іске қосылды. БҰҰ мәліметіне сәйкес, ақпан айының соңындағы жағдай бойынша Малайзияда шамамен 215 мың босқын тіркелген.