Францияда өрт: 20 мың адам көшірілді

Францияның оңтүстік-батысында орман өртеніп жатыр. Осыған байланысты 20 мың адам шұғыл қауіпсіз жаққа көшірілді. 

Бәрі уақытша паналау лагерлеріне орналастырылған. «Рейтердің» хабарлауынша, табиғи апат аумағында Жиронда департаментінің кемпингтерінде демалып жатқан тұрғындар мен туристер қалып қойған. Кейінгі ақпарат бойынша, тілсіз жау 3 жарым мың гектар жасыл желекті күлге айналдырды. Табиғи апатпен күреске 500-ге жуық құтқарушы тартылған. Алайда олардың жұмысына аптап ыстық пен күшті жел кедергі жасап тұр. Елдің 5 департаментінде қауіп-қатердің ең жоғары «қызыл» деңгейі жарияланды.