АҚШ әлемнің 60 еліне қайта тариф енгізді

АҚШ қайтадан әлем елдеріне тариф енгізді. Бұл жолы президент Дональд Трамп қосымша кедендік баж салығын дүниежүзінің 60 мемлекетіне салды. 

Оның ішінде Қазақстан да бар. Вашингтон тарифтерді 1974 жылғы Сауда туралы заңның 301-бабына сүйеніп енгізіп отыр. Мәселен, былтыр Трамп әкімшілігі америкалық тауарға жоғары баж салатын елдерге қарымта тариф енгізген еді. Ол кезде елімізге 27% пайыздық алым белгіленген. Алайда АҚШ Жоғарғы соты бұл шешімді заңсыз деп танып, күшін жойған болатын. Енді Вашингтон жаңа тізімге енгізілген елдер мәжбүрлі еңбекпен өндірілген тауарлардың өз нарығына енуіне жеткілікті тосқауыл қоймаған деп отыр. Сондықтан бұл мемлекеттердің көбіне 12,5 пайыздық тариф белгілеген. Ал Аргентина, Канада, Мексика, Ұлыбритания, Үндістан және Индонезия сияқты мәжбүрлі еңбекке қарсы заңнамасын күшейткен елдерге 10 пайыздық мөлшерлеме қолданылады.