Испанияда орман өртінен төтенше жағдай жарияланды

Испания үкіметі елді жайлаған алапат өртке байланысты төтенше жағдай жариялады. Тілсіз жау ел астанасы Мадридке қауіп төндіріп тұр. 

Билік қазірдің өзінде 10 мыңнан астам адамды қауіпсіз жаққа көшірді. Сарапшылардың айтуынша, көктемде жауған нөсер жаңбырдан кейін өсімдіктер қаулап өсіп, кейін жаздың аптап ыстығында кеуіп, соңы өртке ұласып жатыр. Табиғи апат аумағына 270 төтенше жағдай маманы жұмылдырылып, 40 арнайы техника қолданылып жатыр. Қазіргі сәтке дейін өрт салдарынан 13 адам қайтыс болып, 100 мыңнан астам гектар жасыл желек күлге айналған.